Бұл олжа туралы баяндама Американдық археология қоғамының 2012 жылғы 20 сәуірде өтетін жыл сайынғы конференциясында ұсынылмақ.
Бұл мәдениет біздің жыл санауымызға дейінгі 6500 жыл шамасында пайда болған. Қазба орнынан археологтар арпаның, эммердің (мезолит және неолит дәуірлерінде пайдаланылған жабайы бидай) және айнкорнның (бұл да жабайы бидайдың түрі) тұқымдары табылған.
Сондай-ақ ежелгі шаруалардың шошқа, іріқара, қой немесе ешкі өсіргені туралы айғақтар табылды. Археологтар бұғының, жабайы қабанның, үй қояндарының, тасбақаның және балықтың бірнеше түрлерінің және жыланбалықтардың қалдықтарына кез болды. Ғалымдардың айтуынша, ежелгі фермерлер мәдени өсімдіктерді және қолға үйретілген жануарларды өсірумен шектеліп қалмай, азық-түліктің басқа да көптеген түрлерін пайдалануға тырысқан.
Жұмыс авторлары бұл зерттеу Албанияда алғашқы рет заманауи деңгейде радиоизотоптық анықтау әдістерін қолдану арқылы жүргізілгенін атап көрсетеді.