Албанияда Рихтер бағамы бойынша күші 5,4 баллдық жер сілкінісі болды

АСТАНА. Қыркүйектің 7-сі. ҚазАқпарат - Албанияда күші Рихтер бағамы бойынша 5,4 баллдық жер сілкінісі болды,

 деп   хабарлайды   РБК агенттігі.

Жерасты   дүмпулері   Македониямен  арадағы шекараға жақын   жерде,      Тирана қаласының солтүстік-шығысына  қарай 100   шақырым жерде   сезілген.    Зардап шеккендер  туралы  мәліметтер   түскен жоқ, бірақ    жергілікті  өкімет,  зілзала салдарынан екі  үйдің қирағанын    хабарлады.  Басқа  ғимараттар  да  зақымданған, бірақ онша емес.