Әлібек Антазиев БҚО мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы болды
ОРАЛ. KAZINFORM – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің келісімі бойынша облыс әкімінің өкімімен Әлібек Сайынұлы Антазиев БҚО мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.
БҚО әкімінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Әлібек Антазиев 1982 жылы Атырау облысында дүниеге келген.
Білімі жоғары. Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін аудармашы, Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін құрылысшы мамандығы бойынша тәмамдаған.
Әр жылдары Атырау облысы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы жоспарлау шарт бөлімінің бас маманы, Орал қаласы құрылыс бөлімінің өндірістік-техникалық секторының меңгерушісі, БҚО құрылыс басқармасы тұрғын үй құрылысының мониторингі, сондай-ақ өндірістік-техникалық бөлімінің басшысы, осы басқарма басшысының орынбасары болды.
Тағайындауға дейін Батыс Қазақстан облысы құрылыс басқармасының басшысы қызметін атқарды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да жолды күтіп ұстамаған мекеме басшысына айыппұл салынғанын жазған болатынбыз.