Референдумда Альбертаның Канададан бөлінуі қажет пе деген сұрақ емес, осы жайлы референдум өткізу қажет пе деген сұрақ қойылған.
Elections Alberta сайтының мәліметіне сүйенсек, сайлаушылардың шамамен 76%-ы «Альберта Канаданың провинциясы болып қалуы керек» нұсқасын таңдаған. Альберта тұрғындарының шамамен 24%-ы Канададан бөліну мәселесін бастау қажет деп дауыс берді.
— 19 қазанда Альберта тұрғындары айқын таңдау жасады. Олар бірлікті, бірге болашақ құруды және бір-біріне қамқорлық жасауды таңдады. Ең бастысы, олар Канаданы таңдады, — деді премьер-министр Марк Карни алдын ала нәтижелерге қатысты пікір білдіре отырып.
Референдумның толық нәтижелері сайлау учаскелері жабылғаннан кейін екі күннен кейін белгілі болады, ал ресми қорытындылар 29 қазанда жариялануға тиіс.
Себебі миллиондаған бюллетень қолмен саналады.
Бұл референдумда экзит-полл жүргізілмейді, бірақ Канада БАҚ-тары сайлау учаскелері жабылғаннан кейін біраз уақыттан кейін алынған ресми деректерге сүйене отырып дауыс беру нәтижелері қалай боларын болжап отыр.
Тәуелсіздік мәселесі мұнай мен газға бай Альберта тұрғындары осы референдумда ойын беретін он сұрақтың бірі. Қалғандары негізінен жергілікті өзін-өзі басқару өкілеттіктеріне қатысты сұрақтар. Референдум нәтижелері заңды түрде міндетті болмайды.
Еске сала кетейік, Канадаға қатысты АҚШ президенті Дональд Трамп біраздан бері даулы пікірлер айтып, оның АҚШ құрамына қосылатынына тіпті сенім білдірген.
Канаданың Альберта провинциясындағы Уэйнрайт әскери базасында болған сұрапыл өрттен төрт әскери қызметші қаза тапты.