ҚАРАҒАНДЫ. KAZINFORM - Қарағанды қаласында 18 жасқа дейінгілер арасында ITF Juniors J60 турнирі мәресіне жетті.
Жарыста астаналық Альбина Кәкенова тамаша нәтиже көрсетті.
Альбина жекелей сында финалда ресейлік Нели Иванованы тізе бүктірді - 7:6 (7:4), 6:3.
А.Кәкенова жұптық сында астаналық Ариана Гогулинамен бірге соңғы бәсекеде Аружан Нұранбай - Сәтима Төрегенді жеңді - 6:2, 6:3.
Альбина Кәкенова Қарағандыда өткен жылы да жекелей сында үздік шыққан еді. Биыл жұптық сында да жеңімпаз атанды.
Тағы бір қазақстандық Заңғар Нұрланұлы жұптық сында Мысырда өткен ITF J300 жарыста финалға дейін жетті. Ол соңғы ойында поляк Алан Важнымен бірге аустриялық Тил Берман - ресейлік Иван Юткинге жол берді - 2:6, 6:1, 5:10.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Әбу-Даби турнирінің финалынан тыс қалғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).