Алдағы 10 жылда экономиканың орташа өсімі 4,5 пайыз болады – Ұлттық экономика министрлігі
АСТАНА. KAZINFORM – Ұлттық экономика министрлігі алдағы жылдағы елдің даму болжамын жариялады.
— 2026–2035 жылдарға арналған ұзақ мерзімді даму болжамы жаңа Бюджет кодексін іске асыру үшін әзірленді. Ол Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының қаржылық қамтамасыз етілу көлемін айқындайды, — деп жазылған құжатта.
Болжамның жарияланған нұсқасында базалық сценарий мәліметтері ғана келтірілген.
— 10 жыл ішінде жалпы ішкі өнімнің орташа жылдық өсуі 4,5% болады. Номиналды ЖІӨ 2035 жылы 473,2 трлн теңгеге дейін ұлғаяды. Мемлекеттік бюджеттің кірістері 2035 жылға 66,8 трлн тенге дейін өседі, — деп жазылған болжамның базалық нұсқасында.
Ал Ұлттық қордан алынатын трансферт 2029 жылдан бастап қана 2 трлн теңгеден төмендейтіні айтылған.
— Бюджет тапшылығы ЖІӨ-ге қатысы 2029 жылы 0,4%-ға дейін біртіндеп төмендеп, 2030 жылдан бастап нөлдік деңгейге жетеді. Ұлттық қордың таза валюталық активтері болжам бойынша 2026 жылға 109,9 млрд долларға дейін өседі, — деп жазады ҰЭМ сарапшылары.
Ұлттық статистика бюросының жедел деректері бойынша, 2025 жылдың сегіз айында Қазақстанның ЖІӨ өсімі 6,5%-ға жеткен.