— Елдің бай шикізат әлеуеті химия саласында жаңа өндірістерді құруға мүмкіндік береді. Бүгінде химия саласында 49 жоба іске асырылып отыр, — деді Ерсайын Нағаспаев.
Министр елімізде каустикалық сода өндірісі жақсы дамығанын мысалға келтірді.
— Олардың негізгілері мұнай және металлургия саласына қажет химия өнімдерін шығаруға бағытталған. Мысалы, елімізде өндірілетін каустикалық сода негізінен ішкі нарықта пайдаланылады. Жалпы салаға 2035 жылға дейін 4,8 триллион теңге көлемінде инвестиция тарту жоспарланған, — деді ведомство басшысы.
Бұған дейін көмір өндірісінің жаңа техникалық регламенті бекітілгенін жазған едік.