Алдағы 3 тәулікте күн жылынады- Қазгидромет

АСТАНА. KAZINFORM — Қазгидромет алдағы күнге ауа райы болжамын жариялады.

Фото: Pexels

«Қазақстанның басым бөлігінде Атлантикалық циклонның ықпалымен тұрақсыз ауа-райы сақталады, жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде болады, көктайғақ пен тұман күтіледі. 1 қарашада республиканың батысында қатты жаңбыр жауады, еліміздің батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде жел күшейеді деп күтілуде. Күндіз ауа температурасының жоғарылауы болжануда. Елдің батысында 12 17°С, солтүстік-батыста және солтүстікте 7 15°С, солтүстікте, шығыста және орталықта 4 9°С, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста 12 17°С, ал таулы аймақтарда 3 8°С», — делінген Қазгидромет хабарламасында.