- Мемлекеттік қаржының тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында бюджет тапшылығы 2027 жылы жалпы ішкі өнімге қатысты 2,3 пайыз деңгейінде белгіленіп, 2029 жылы жалпы ішкі өнімге қатысты 0,4 пайызға дейін төмендейді. Мұнайдан тыс тапшылық жалпы ішкі өнімге қатысты 5,3 пайыздан жалпы ішкі өнімге қатысты 2,5 пайызға дейін қысқарады. Осыны ескере отырып, республикалық бюджеттің шығыстары 2027 жылы - 30,2 трлн теңгені, 2028 жылы – 29,4 трлн теңгені және 2029 жылы 29,6 трлн теңгені құрайды, - деді Серік Жұманғарин.
Вице-премьердің пайымынша, Ұлттық қордағы жинақтардың ұлғаюы болжанып отыр.
- Базалық сценарий кезінде Ұлттық қорға түсімдердің жалпы көлемі 2027 жылы - 5,1 трлн теңге, 2028 жылы – 5,5 трлн теңге және 2029 жылы 5,7 трлн теңге деңгейінде болжанады. Ұлттық қорға таза түсімдер 2027 жылы 0,5 трлн теңге, 2028 жылы 1,4 трлн теңге және 2029 жылы 2,0 трлн теңге мөлшерінде күтіледі. Ұлттық қордың валюталық активтері 2027 жылы 65,2 млрд АҚШ долларынан 2029 жылы 70,6 млрд АҚШ долларына дейін өседі деп болжанады, - деді вице-премьер.
Айта кетейік, Үкімет отырысында 2027-2029 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамдары мен «2027-2029 жылдарға арналған республикалық бюдет туралы» заң жобасы, сонымен қатар алдағы жылыту маусымына дайындық барысы талқыға салынады.