Алдағы 5 күнде Өзбекстанда аптап ыстық болады

ТАШКЕНТ. KAZINFORM – 25-29 шілде аралығында Өзбекстанда аптап ыстық болады, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі Әлихан Асқар.

Фото: Шерзодхужа Хабибуллахужа/Facebook

Өзгидрометтің директоры Шерзодхужа Хабибуллахужаның мәліметінше, бұл күндері елдің біраз өңірінде ауа температурасы 40... 43 градусқа дейін, оңтүстік пен шөлді аймақтарда 44... 45 градусқа дейін көтеріледі. 

Кей өңірлерде желдің жылдамдығы секундына 13-18 метрге дейін күшеюі ықтимал. Ал жекелеген аудандарда жылдамдығы 20-23 м/с болатын шаңды дауыл тұруы мүмкін.

Айта кетсек, бұған дейін Қазақстанда 45 градусқа дейін ыстық болуы ықтимал екенін хабарлаған болатынбыз.