Алдағы демалыс күндері елордада кезекті «Соғым-FEST» ет жәрмеңкесі өтеді
АСТАНА. KAZINFROM — 20-21 желтоқсан күндері ұйымдастырылатын жәрмеңкеге Ақмола, Абай, Қарағанды, Түркістан және Павлодар облыстарының фермерлері қатысады.
Астана қаласы әкімдігінің мәліметінше, іс-шара «Keryen Joly» сауда орталығының автотұрағында, Алаш тас жолы, 35Б мекенжайы бойынша өтеді.
— Осы күндері аталған сауда орталығында қала тұрғындарына бұрыннан таныс ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Онда жергілікті фермерлер мен Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген өндірушілердің өнімдері ұсынылады, — делінген құжатта.
Сонымен қатар жәрмеңкеде көкөніс пен жеміс-жидек, ет өнімдері, ұн және сүт өнімдері, наубайхана тағамдары, табиғи шырындар, табиғи шырындар мен джемдер және өзге де азық-түлік түрлерін тиімді бағамен сатып алуға болады.
Айта кетейік, жәрмеңке әр демалыс күндері сағат 10:00–ден 19:00–ге дейін жұмыс істейді. Келушілердің ыңғайы үшін жәрмеңке өтетін орынға № 7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307 және 317 бағыттағы қоғамдық көліктер қатынайды.
Еске сала кетейік, Астанадағы республикалық жәрмеңкеге 100-ге жуық қолөнерші келген.
Бұған дейін елордада кезекті рет «Соғым-FEST» ет жәрмеңкесі өткен еді.