Алдағы демалыста күн райы қандай болады

АСТАНА. KAZINFORM — Қазгидромет 7–9 қарашаға арналған Қазақстан аумағы бойынша ауа райы болжамын жариялады.

Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

Алдағы күндері Қазақстан аумағында бірнеше циклонның өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады. Кезеңнің басында солтүстік өңірлер арқылы солтүстік циклонның жырасы өтсе, 8 қарашадан бастап еліміздің аумағы арқылы оңтүстік циклон жылжиды.

Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен қар, ал оңтүстік өңірлерде жаңбыр жауады деп күтіледі.

8 қарашада батыс өңірлерде нөсер жаңбыр, 9 қарашада солтүстік-батыс пен батыста қатты жауын-шашын (жаңбыр мен қар), еліміздің оңтүстігінде күндіз нөсер жаңбыр болжанады.

Республика бойынша жел күшейеді. Түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түседі. Еліміздің солтүстік-батысы мен солтүстігінде көктайғақ болады.

Ауа температурасы:

  • Батыста: түнде −3… 5 °C-тан −8… 3 °C-қа дейін, күндіз 5… 15 °C-тан 2… 10 °C-қа дейін төмендейді.

  • Солтүстік-батыста: түнде ауа температурасы −1…−8 °C-тан −6… 3 °C-қа дейін сәл жоғарылайды, күндіз 2… 10 °C-тан −3… 5 °C-қа дейін төмендейді.

  • Шығыста: түнде −9… 2 °C-тан −5… 8 °C-қа дейін, күндіз 2… 12 °C-тан 9… 17 °C-қа дейін жоғарылайды.

  • Оңтүстікте: түнде −2… 6 °C-тан 7… 17 °C-қа дейін жоғарылайды, күндіз 10… 23 °C пен 18… 27 °C аралығында құбылады.

  • Оңтүстік-шығыста: түнде ауа температурасы 0… 10 °C-тан 7… 15 °C-қа дейін жоғарылайды, таулы аудандарда −3…−8 °C-тан 0… 5 °C-қа дейін көтеріледі. Күндіз 15… 25 °C-тан 17… 25 °C-қа дейін, таулы аудандарда 10… 15 °C шамасында болады.

Еліміздің қалған өңірлерінде ауа температурасының айтарлықтай өзгеруі күтілмейді.