Демалыс күндері Қазақстан бойынша синоптикалық жағдайды Скандинавияның солтүстігіндегі атлантикалық циклон анықтайды.
Елдің басым бөлігінде күн бұлттанып, жауын жауады, екпінді жел соғып, көктайғақ болады.
Тек оңтүстік өңірлер әлі де антициклон ықпалында болып, мұнда негізінен күн жауын-шашынсыз болады. Атлантикалық циклон сондай-ақ республиканың барлық дерлік аумағында температураның біртіндеп жоғарылауына себепші болады.