Алдағы күндері 20 градус аяз болады
11:33, 12 Қараша 2025
АСТАНА. KAZINFORM — Алдағы күндері Қазақстан аумағының басым бөлігі циклонның ықпалында болады.
Осыған байланысты жаңбыр және қар жауады.
13 қарашада шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшейеді. Ал шығыс, солтүстік және орталық аймақтарда бұрқасын болады. Тек еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Солтүстікте түнде –5…–12°С, күндіз –0…–6°С,
Солтүстік-батыста түнде –2…–10°С, күндіз –0…–5°С,
Орталықта түнде –3…–13°С, күндіз –6…+3°С,
Шығыста түнде –8…–20°С, күндіз –0…–10°С.
Елдің қалған аумақтарында температурада елеулі өзгерістер бола қоймайды.
Айта кетелік елде 12 қарашада қандай жолдар жабық екенін жазған едік.