Алдағы күндері 30 градус аяз болады
АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК 25–27 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Алдағы күндері Қазақстан аумағы арқылы белсенді солтүстік-батыс циклоны жүріп өтеді. Оның әсерінен қар жауып, ал оңтүстік өңірлерде қар, кей жерлерде жаңбыр жауады.
26 желтоқсанда оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде жауын-шашын күтіледі. Республиканың басым бөлігінде бұрқасын болып, желдің күшейіп, ал батыс және оңтүстік өңірлерде көктайғақ болады.
Алайда 27 желтоқсанда циклонның орнына суық батыс антициклоны келеді, циклонның әсерінен жауын-шашын біртіндеп тоқтап, ауа температурасы төмендейді. Түнде солтүстік-батыс пен солтүстік өңірлерде -25…-30°C, ал шығыста -22…-30°C дейін аяз болады.
Айта кетелік бүгін елдегі қай жолдар ашық, қайсысы жабық екенін жазған едік.