Республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз, жылы көктемгі ауа райы сақталады. Тек батыс өңірлерде және оңтүстік облыстардың таулы аймақтарында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жауады, батыста кей уақыттарда нөсер жаңбыр болады. Сондай-ақ желдің жылдамдығы 15–20 м/с дейін күшейеді. Түнгі және таңғы уақытта республика бойынша тұман түсуі мүмкін.
Күндіз ауа температурасы:
солтүстік-батыста 17… 26°С,
солтүстікте 13… 20°С,
орталықта 12… 23°С,
шығыста 5… 22°С,
оңтүстік және оңтүстік-шығыста 23… 32°С,
ал батыста 20… 25°С-тан 13… 20°С-қа дейін төмендейді.
Айта кетелік СҚО Ақжар ауданында автожолдың учаскесін су басқан еді.