Алдағы күндері ауа райына негізінен атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуі мен биіктік жырасының әсері ықпал етеді.
Осыған байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады.
Найзағаймен бірге өткінші жаңбыр жауады, елдің солтүстігінде, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және орталығында қатты жаңбыр күтіледі. Бұршақ жауып, жел күшейеді.
19-20 маусымда еліміздің батысында ауа температурасы 40-43 градусқа дейін көтеріліп, аптап ыстық болады. Республиканың қалған аумағында ауа температурасының күрт өзгеруі күтілмейді.