Алдағы күндері ауа райы құбылмалы болады

Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Кезеңнің бірінші жартысында Қазақстан аумағының басым бөлігі оңтүстік циклонның ықпалында болады, соған байланысты жауын-шашынды ауа райы болады.  

5–6 ақпанда жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болып, тұман басып, боран соғады.

Сондай-ақ оңтүстік-батыс ауа массаларының әсерінен күндіз ауа температурасының солтүстікте, шығыста және орталықта 3° аяздан 2° жылыға дейін, оңтүстікте 8–17° жылыға дейін, оңтүстік-шығыста 5–15° жылыға дейін көтеріледі.

Тек кезеңнің соңында солтүстік-батыстан суық ауа массаларының енуіне байланысты жауын-шашын тоқтап және ауа температурасы күрт төмендейді.

Айта кетелік 4 ақпанда елдегі қай жолдар жабық тұрғаны туралы жазған едік