Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады

Фото: Кazinform

АСТАНА.KAZINFORM — «Қазгидромет» РМҚ синоптиктері алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Көктемнің басталуына байланысты Қазақстан аумағындағы ауа райы солтүстік-батыс циклондар сериясының ықпалында қалыптасады.

— Алдағы күндері республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі. 5–6 наурызда елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында күшті жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады, — делінген хабарламада.

Республика бойынша жел күшейіп, көктайғақ, тұман болады күтіледі, солтүстік өңірлерде боран болжанып отыр.

Елдің оңтүстігінде күндізгі ауа температурасының біртіндеп жоғарылауы күтіледі.

Айта кетейік, төрт облыста жол жабылды.