«Атмосфералық фронтальды бөлімдер Қазақстанның көп бөлігінде жаңбырлы ауа райын тудырады, жел соғады, оңтүстіктің таулы аймақтарында қатты жаңбыр күтілуде, елдің солтүстігінде жауын-шашын (негізінен жаңбыр) болады. Тек республиканың шығысында антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. ҚР бойынша найзағай, тұман болады, елдің оңтүстігінде жел күшейеді деп күтілуде», - деді спикер Республикалық ақпараттық штабта өткен брифингте.
Соңғы тәулікте Ақмола, Шығыс Қазақстан және Абай облыстары бойынша 5 дауылды гидрологиялық ескерту шығарылды.
Атап айтқанда, Ақмола облысында Балқашын ауылындағы Жабай өзенінің гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі жалғасуда, 4 сағат ішінде 27 см су толған.
Державинск қаласындағы Есіл өзенінің гидрологиялық бекетінде су деңгейі 12 сағатта 21 см-ге артып, қауіпті 15 см деңгейінен асқан.
Ақмола облысы Буденовка ауылындағы Аршалы өзенінің гидрологиялық бекетінде су деңгейі 8 сағат ішінде 80 см-ге көтерілген. Сағ. 00:00 жағдай бойынша су деңгейі – 1080 см (қауіпті деңгей - 1090 см), гидробекет мұздан тазартылды.
«Шығыс Қазақстан және Абай облыстары аумағында 14-18 сәуірде температура көтеріледі және 16 сәуірден бастап жаңбыр мен жылбысқы қар түрінде жауын-шашынның болжанып отыр. Сондай-ақ қардың қарқынды еруі жалғасқандықтан, еріген қар суының беткейге жайылуы, өзендердегі су деңгейінің ары қарай көтерілуі күтіледі», - деді спикер.