Алдағы күндері күн райы құбылмалы болады

Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның басым бөлігінде солтүстік-батыс циклонының ойысы мен атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады. 

Жаңбыр және қар түріндегі жауын-шашын күтіледі. Елдің солтүстігі, шығысы және орталығында жаяу бұрқасын, көктайғақ болжанады. Тек республиканың батысында 4–5 желтоқсанда антициклонның ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Температуралық фон бойынша айтарлықтай өзгеріс болмайды.

Айта кетелік ШҚО-да желтоқсанда аяз түсіп, қалың қар жауады

Сонымен қатар 3 желтоқсанда Ақтөбе, Алматы, Шымкент, Өскемен, Павлодар, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау қалаларында, түнде Астана, Петропавл, Қостанай қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай болатыны туралы жазған едік