Алдағы күндері күн суытады
15:42, 26 Қараша 2025
АСТАНА. KAZINFORM – Антициклон әсерінен республика аумағында негізінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Тек солтүстік және шығыс өңірлердің кей жерлерінде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын өтеді.
Алайда антициклонның суық ауа массаларымен толығуы елдің басым бөлігінде ауа температурасының төмендеуіне әкеледі.
29 қарашада түнгі уақытта солтүстік өңірлерде термометр бағаны минус 8–13°С дейін, ал оңтүстік жартысында минус 2–7°С дейін төмендейді.
Айта кетелік 26 қарашада республика жолдарындағы ахуал қандай екенін жазған едік.