Осыған байланысты ауа райы негізінен құрғақ, бұлтсыз және жауын-шашынсыз болады.
Елдің батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың әсерінен кей жерлерде найзағаймен қатар қысқа мерзімді жаңбыр жауып, жел күшеюі мүмкін.
Елдің басым бөлігінде жаздағыдай жылы күндер күтіледі. Алайда шығыста және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында түнгі ауа температурасы салқын болады.
Ауа температурасы күндіз:
- батыста, солтүстікте, орталықта 25… 33°С;
- шығыста 20… 25°С;
- оңтүстікте 28… 37°С;
- оңтүстік-шығыста 20… 30°С, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда 10… 20°С.
Айта кетелік бүгін еліміздің шығысында түнде 3 градусқа дейін үсік жүретіні туралы жазған едік.