Алдағы күндері солтүстік өңірлерде бұршақ жауады - Қазгидромет

Фото: pexels.com

АСТАНА. KAZINFORM - Алдағы күндері солтүстік-батыс циклоны республиканың басым бөлігіне ықпал етеді, деп хабарлайды «Қазгидромет».

Соның салдарынан республиканың басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, солтүстік өңірлерде қатты жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін. Республиканың батысы мен солтүстік-батысына батыс антициклонының тарамы ығысып, жауын-шашын тоқтау күтіледі.

Республика бойынша жел күшейеді, солтүстікте түнде және таңертең – тұман. Солтүстікте түнде +8…+15°С, күндіз +20…+25°С дейін төмендейді. Орталықта түнде +9…+18°С, күндіз +18…+30°С. Шығыста түнде +7…+18°С, күндіз +19…+27°С. Батыста түнде +15…+23°С дейін жоғарылап, күндіз +30…+37°С. Солтүстік-батыста түнде +8…+16°С, күндіз +25…+33°С. Оңтүстікте түнде +13…+22°С, күндіз біртіндеп төмендеп +27…+35°С. Оңтүстік-шығыста түнде +10…+22°С, күндіз біртіндеп төмендеп +20…+32°С күтіледі.

Осыған дейін Жамбыл облысында тұңғыш рет Меркі мемлекеттік өңірлік табиғи паркі құрылғаны туралы жаздық.