Соның салдарынан республиканың басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, солтүстік өңірлерде қатты жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін. Республиканың батысы мен солтүстік-батысына батыс антициклонының тарамы ығысып, жауын-шашын тоқтау күтіледі.
Республика бойынша жел күшейеді, солтүстікте түнде және таңертең – тұман. Солтүстікте түнде 8… 15°С, күндіз 20… 25°С дейін төмендейді. Орталықта түнде 9… 18°С, күндіз 18… 30°С. Шығыста түнде 7… 18°С, күндіз 19… 27°С. Батыста түнде 15… 23°С дейін жоғарылап, күндіз 30… 37°С. Солтүстік-батыста түнде 8… 16°С, күндіз 25… 33°С. Оңтүстікте түнде 13… 22°С, күндіз біртіндеп төмендеп 27… 35°С. Оңтүстік-шығыста түнде 10… 22°С, күндіз біртіндеп төмендеп 20… 32°С күтіледі.
Осыған дейін Жамбыл облысында тұңғыш рет Меркі мемлекеттік өңірлік табиғи паркі құрылғаны туралы жаздық.