Алдағы күндері солтүстікте суып, оңтүстікте күн жылынады

Фото: Александр Павский / Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Елдің солтүстігінде температура төмендейді.

Алдағы үш тәулікте Орал таулары маңынан жылжып келе жатқан циклон Қазақстан аумағы арқылы өтіп, оның әсерінен жауын-шашын жауып, көктайғақ болып, жел күшейіп. боран соғады. 

Алайда 18 ақпаннан бастап циклонның тылына Хельсинки маңынан жылжып келе жатқан антициклон тарай бастайды, бұл еліміздің солтүстігінде ауа температурасының төмендеуіне және жауын-шашынның біртіндеп тоқтауына әкеледі.

Республиканың солтүстігінде түнгі уақытта ауа температурасы 18–23 градус аязға дейін төмендейді, ал оңтүстік өңірлерде, керісінше, күндіз ауа температурасы 15–20 градус жылыға дейін көтеріледі. Бұл Қара теңіз маңынан жылжып келе жатқан кезекті циклонның әсерімен байланысты болады. 

Айта кетелік үш облыста көлік қозғалысы қайта жанданғаны туралы жазған едік