Алдағы күндері жаңбыр аралас қар жауып, көктайғақ болады

АСТАНА. KAZINFORM — Жауын-шашынсыз ауа райын қалыптастырған антициклон Қазақстан аумағынан жылжып, оның орнын солтүстік циклон басады.

Фото: Қазгидромет

Алдағы үш күнде ол алдымен еліміздің батысында, кейін қалған өңірлерінде ауа райының нашарлауына себеп болады.

Жаңбыр жауады, солтүстік өңірлерде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, көктайғақ құбылыстары болжанады.

5–6 қарашада республиканың батысында, солтүстік-батысында нөсер жауын-шашын (жаңбыр, қар), ал 6 қарашада оңтүстік және орталық өңірлерде нөсер жаңбыр жауады.

Республика бойынша жел күшейіп, түнгі және таңертеңгі уақытта тұман болжанады.

Ауа температурасы батыста түнде 0, 7°С, күндіз 3 14°С, солтүстік-батыста түнде -1-8°С, күндіз 1 15°С болады.

Солтүстік және орталық өңірлерде түнгі ауа температурасы -3-8°С-тан 1 6°С-қа дейін жоғарылайды, күндіз 5 13°С-тан 1 10°С-қа дейін төмендейді. Елдің шығысында түнгі температура -3-8°С-тан 0, 5°С-қа дейін жоғарылап, күндіз 3 8°С-тан 7 12°С-қа дейін көтеріледі.

Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде ауа температурасының айтарлықтай өзгеруі күтілмейді.