Алдағы күндері Қазақстан аумағы арқылы солтүстік-батыс циклондар сериясы өтеді. Соның әсерінен еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын күтіледі. 24 қарашада Қазақстанның шығысы мен оңтүстік-шығысының жекелеген аудандарында қатты жауын-шашын болжанады. Елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында көктайғақ құбылыстары күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі мен тұман болжанады.
Ауа температурасы фонында айтарлықтай өзгерістер күтілмейді. Тек республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында 26 қарашаға қарай күндізгі ауа температурасы қолайлы 15 25°С-қа дейін жоғарылайды.