Алдағы күндері республиканың басым бөлігінің ауа райын батыс циклоны мен онымен байланысты атмосфералық фронттар айқындайды.
Жекелеген өңірлерде жаңбыр мен найзағай болады: солтүстікте, 9–10 қыркүйекте солтүстік-батыста, 9 және 11 қыркүйекте шығыста, 10–11 қыркүйекте республиканың оңтүстік-шығысы мен орталығында жаңбыр мен бұршақ жауып, дауылды жел тұрады. Республиканың көптеген аумағында жел күшейеді, солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста, орталықта түнгі және таңғы уақытта тұман түседі. Елдің оңтүстігінде шаңды дауыл болады.
Температуралық фон бойынша төмендеу болжанады:
Батыста түнде 5… 16°С, күндіз 18… 25°С;
Солтүстік-батыста түнде 1… 11°С, топырақ бетінде 2°С үсік, күндіз 8… 16°С, аймақтың оңтүстігінде 23°С дейін;
Солтүстікте түнде 5… 10°С, күндіз 9… 15°С;
Орталықта түнде 5… 13°С, күндіз 13… 21°С;
Шығыста түнде 3… 11°С, күндіз 10… 20°С;
Оңтүстікте түнде 10… 20°С, күндіз 23… 33°С.
Елдің оңтүстік-батысы мен оңтүстік-шығысында температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.
Айта кетелік Қазгидромет 8 қыркүйекте ауа райына байланысты еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялаған еді.