Алдағы күндері жауын-шашынды болады

АСТАНА.KAZINFORM — Қазгидромет 2-4 шілдеге арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын жариялады.

Фото: Максат Шыгарбай \ Kazinform

Алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағына белсенді циклон ықпалын сақтап, ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей уақытта нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түсуі мүмкін. Республика бойынша желдің күшеюі 15–20 м/с-қа дейін жетеді, 2–3 шілдеде еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жел екпіні 23–28 м/с-қа дейін күшейеді. Қазақстанның оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі.

Күндізгі ауа температурасы батыс пен оңтүстік-батыста 31… 38°C-қа дейін жоғарылайды, солтүстік-батыста 27… 35°C болады. Елдің солтүстігі мен орталығында ауа температурасы 18… 28°C-қа дейін төмендейді. Республиканың шығысында аптап ыстық сақталып, ауа температурасы 30… 37°C болады. Ал оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде ауа температурасының жайлы деңгейі 25… 35°C аралығында күтіледі.

Айта кетелік бүгін барлық қалада ауа сапасы талапқа сай болады