Алдағы күндері жауын-шашынды болады
12:01, 06 Сәуір 2026
АСТАНА. KAZINFORM — Қазгидромет 7-9 сәуір күндеріндегі ауа райы болжамын жариялады
Елдің басым бөлігінде жаңбыр жауады, солтүстікте және солтүстік-батыста жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Батыста және оңтүстікте кей уақыттарда нөсер болып, ал солтүстікте жауын-шашын мол түседі.
Республика бойынша жел күшейіп, батыста және оңтүстікте бұршақ пен дауыл болуы мүмкін.
Тек елдің шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Түнгі және таңғы сағаттарда тұман күтіледі.
Елдің солтүстігі мен солтүстік-батысында күндіз ауа температурасы 3–15 градусқа дейін төмендейді.
Айта кетелік бүгін еліміздің 6 қаласында ауа сапасы төмендейді.