Алдағы тәулікте 23 градусқа дейін аяз болады - Қазгидромет

АСТАНА. KAZINFORN - Қазгидромет алдағы 3 күндегі ауа райы болжамын жариялады.

Фото: Агибай Аяпбергенов/ Kazinform

«Қазақстан аумағының басым бөлігінің ауа райын Сібір антициклоны қалыптастырады, сол себептен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек еліміздің оңтүстік-батысында, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен жауын-шашын (жаңбыр, қар), желдің күшеюі, таулы аудандарда көктайғақ болжанады. Республика бойынша түнгі және таңертеңгі уақытта қар түседі», - делінген хабарламады.

Синоптиктердің болжамы бойынша Қазақстанның солтүстік, орталық және шығыс облыстарында ауа температурасы түнде 10-18 градус аяз, еліміздің қиыр шығысында 23 градусқа  дейін төмендейді деп күтілуде.