Алдағы тәуліктерде күн тағы ысиды

Фото: Қызылорда өңірлік коммуникация қызметі

АСТАНА. KAZINFORM – Оңтүстік өңір тұрғындары үшін ыстықтан аз ғана үзіліс берген салқын ауа массалары ұзаққа созылмады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК-сы.

Ксәіпорынныңмәліметтеріне қарағанда, 8 тамыздан бастап Иран аймақтарынан Қазақстанның оңтүстігіне қайтадан жылы әрі құрғақ ауа массалары келе бастайды. Бұл өз кезегінде күндізгі ауа температурасының +35…+41°С дейін көтерілуіне әкеледі. Ал солтүстік өңірлерде керісінше, суық ауа массаларының ықпалы сақталады – жаңбыр, найзағай, кей жерлерде қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсуі мүмкін.

Осыған дейін Жапонияда апта ішінде аптап ыстықтан 18 адам қайтыс болғаны туралы жаздық.