Алдағы үш күн жаңбыр жауып, үсік жүреді

Фото: Pexels

АСТАНА. KAZINFORM — Қазгидромет синоптиктері 5-7 қыркүйек аралығына арналған үш күндік ауа райы болжамын ұсынады. 

Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.

Жаңбыр жауып, күн күркірейді.

Республиканың солтүстігі мен шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады.

7 қыркүйек түнде елдің шығысы мен оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.

Тек Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында ғана антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Республика бойынша жел күшейеді деп болжанып отыр.

Түнгі және таңертеңгі сағаттарда солтүстік және шығыс аймақтарда тұман түседі.

Топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік жүреді.