Алдағы үш күнде 42 градусқа дейін ыстық болады - Қазгидромет
АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК-сы шілденің 12-14 аралығындағы күн райы болжамын жариялады.
Кәсіпорынның деректеріне қарағанда, атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстан аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, солтүстік пен шығыста нөсер жаңбыр және бұршақ жауады, күште жел тұруы ықтимал. Тек елдің оңтүстігінде, оңтүстік-батысында, сондай-ақ 12 шілдеде батысында жоғары қысым алабының ықпалымен күн ашық әрі ыстық болады. Республиканың басым бөлігінде жел күшейеді.
Күндіз еліміздің батысында 35–39°С ыстық, кей аудандарда ыстық 40–42°С дейін жетеді. 12–13 шілдеде оңтүстік-батыста ыстық 39–44°С болады, ал 14 шілдеде 38–42°С ыстық.
Солтүстік өңірлерде күндізгі ауа температурасы 17–25°С-тан 15–23°С-қа дейін сәл төмендейді. Шығыста температура негізінен 22–30°С шамасында болады. Оңтүстікте 40–43°С аптап ыстық, ал оңтүстік-шығыста 35–38°С қатты ыстық болжанады.
Осыған дейін Пәкістанда төтенше ауа райы салдарынан қаза тапқандар саны артқаны туралы жаздық.