Алдағы үш күнде Астана, Алматы, Шымкентте ауа райы қандай болады

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК Қазақстанның үш ірі қаласындағы ауа райы болжамын жариялады.

Фото: Александр Павский / Kazinform

Синоптиктердің болжамы бойынша, алдағы үш күнде, яғни 30 және 31 шілдеде және 1 тамызда Алматы мен Астанада жаңбыр жауады. Шымкентте ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Астанада 30 шілдеде аспан бұлтты болады, аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түседі. Күндіз соққан желдің екпіні секундына 20 метрге дейін көтеріледі. Ауа температурасы түнде: 14... 16°C, күндіз: 22... 24°C.

31 шілдеде аспан бұлтты, аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түседі, дауыл тұрады. Түнде және таңертең тұман болады. Соққан желдің екпіні - 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде: 12... 14°C, күндіз: 22... 24°C., күндіз: 20... 22°C.

1 тамызда аспан бұлтты, аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең тұман болады. Соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде: 13... 15°C, күндіз: 20... 22°C.

Алматыда 30 шілдеде аспан бұлтты болады, аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Желдің екпіні - 18 м/с. Ауа температурасы түнде: 19... 21°C, күндіз: 30... 32°C.

31 шілдеде аспан бұлтты, аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Желдің екпіні - 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде: 20... 22°C, күндіз: 29... 31°C.

1 тамызда аспан бұлтты, аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Желдің екпіні - 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде: 20... 22°C, күндіз: 31... 33°C.

Шымкентте 30 шілдеде аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Күндіз соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде: 18... 20°C, күндіз: 34... 36°C.

31 шілдеде аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Күндіз соққан желдің екпіні 13 м/с. Ауа температурасы түнде: 19... 21°C, күндіз: 33... 35°C.

1 тамызда аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Күндіз соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде: 19... 21°C, күндіз: 33... 35°C.

Айта кетейік, XXI ғасырдағы ең ұзақ күн тұтылуы 2027 жылдың 2 тамызында болады.