Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

АСТАНА. KAZINFORM — Алдағы үш күнде елдің басым бөлігінде күн жылы болады, бұл ауа температурасының одан әрі көтерілуіне оң әсерін тигізеді.

Фото: Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы

Тек кейбір күндері елдің солтүстігінде, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар) түсіп, желкүшейеді. Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін.

Күндіз ауа температурасы батыс өңірлерде 10… 20°С-қа дейін, солтүстікте және орталықта 5… 17°С-қа дейін, ал оңтүстікте 15… 23°С-қа дейін көтеріледі. 

Айта кетелік 18 наурызда республика жолдарындағы ахуал қандай екенін жазған едік