Алдағы үш күнде ауа райы құбылмалы болады

АСТАНА. KAZINFORM — Қазгидромет синоптиктері 23-25 шілде аралығына арналған үш күндік ауа райы болжамын жариялады.

Фото: Pixabay

Алдағы күндері Қазақстан аумағының басым бөлігінде төмен атмосфералық қысымның әсерінен жаңбыр жауып, күн күркірейді, екпінді жел тұрады. 

Ал солтүстік-батыста, солтүстікте, 24-25 шілдеде — батыста, 25 шілдеде — елдің орталығында қатты жаңбыр және бұршақ жауады. 

Күндіз ауа температурасы еліміздің шығысында 30 35℃ дейін, оңтүстігінде 38 43℃ дейін, оңтүстік-шығысында 31 37℃ дейін жоғарылайды.