Синоптиктердің болжамы бойынша, еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады.
Елдің солтүстігінде, орталық аймақтарында аздаған қар, оңтүстігінде, шығыс аймақтарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, көктайғақ болады.
Тек республиканың батысында, оңтүстік-батысында антициклон әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша тұман түседі.
Алдағы күндері ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді.
Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейіп, көктайғақ болатынын жазған болатынбыз.