Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанға аяз келеді.
— Жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын әкелген циклонның орнына Қазақстан аумағына суық антициклон жылжып келеді. Оның әсерінен жауын-шашын тоқтап, алдымен еліміздің батыс өңірлерінде, кейін басқа аймақтарда ауа температурасы төмендейді, — делінген хабарламада.
Түнгі уақытта солтүстік және шығыс облыстарда ауа температурасы біртіндеп 0, 5°С-тан −5–10°С-қа дейін төмендейді.
Тіпті оңтүстік өңірлердің тұрғындары да қыстың жақындағанын сезінеді. Түнде ауа температурасы −2–7°С-қа дейін төмендеп, күндіз 2–7°С аралығында болады.
Осыдан бұрын Ақмола облысында қараша жылы басталып, ай соңында аяз күшейетінін жаздық.