Алдағы үш күнде қар аралас жаңбыр жауып, үсік жүреді

АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК 16-18 мамыр күнгі ауа райы болжамын жариялады.

Фото: Александр Павский/ Kazinform

Елдің батыс және оңтүстік өңірлері оңтүстік циклонның ықпалында болады. Бұл өңірлерде найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады, ал 18 мамырда батыста қатты жаңбыр мен бұршақ күтіледі.

16–17 мамыр түндерінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты елдің солтүстігі мен шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады. Республика бойынша жел күшейіп, ал оңтүстікте шаңды дауыл болады. Солтүстік пен шығыста түнгі және таңғы уақытта тұман түседі.

Түнгі уақытта елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында 1–6 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін.

Күндізгі ауа температурасы:

  • батыста 30… 37°C-тан 25… 30°C-қа дейін төмендейді;
  • солтүстік-батыста 25… 30°C;
  • солтүстікте 20… 30°C-тан 15… 20°C-қа дейін төмендейді;
  • орталықта 25… 30°C-тан 29… 34°C-қа дейін жоғарылайды;
  • шығыста 12… 20°C;
  • оңтүстікте 30… 35°C-тан 33… 40°C-қа дейін жоғарылайды;
  • оңтүстік-шығыста 18… 25°C-тан 25… 32°C-қа дейін көтеріледі. 

Айта кетелік бүгін 4 қаланың ауа сапасы төмендейтіні туралы жазған едік