Қазақстанның басым бөлігінде күн құбылып тұрады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, екпінді жел соғады, бұршақ жауады, деп болжайды синоптиктер.
- 13 тамызда еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, 14-16 тамызда батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте қатты жаңбыр жауады. Қазақстан бойынша жел күшейеді. Қазақстанның оңтүстігінде және шығысында күндіз 35 38°C қатты ыстық күтіледі, термометр 18 26°C-тан 22 33°C-қа дейін ауытқиды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
Қазгидромет осыған дейін үш өңірде аптап ыстық болатынын ескертті.