Алдағы үш күнде күн райы қандай болады

Фото: Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК синоптиктері 1-2-3 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады. 

Алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады.

Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтардың таулы өңірлерінде түнде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түседі. 2 мамыр күні республиканың оңтүстік-шығысында жаңбыр жауады, бұршақ түсуі мүмкін. Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында түнде үсік сақталады. Республика бойынша жел күшейіп, түнгі және таңғы уақытта тұман басады.

Айта кетелік 12 облыста өрт туындау қаупі бар