Алдағы үш күнде күн райы қандай болады

АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК-сы алдағы үш күнге күн райы болжамын жариялады. 

Фото: freepik

Алдағы күндері елдің басым бөлігін қамтитын антициклон әсерінен жауын-шашынсыз болады. Тек республиканың оңтүстігіне, оңтүстік-шығысына циклон әсер етіп, бұл өңірлерде қар аралас жаңбыр жауады. Кейбір аудандарда тұман мен жел күшейеді.

Температуралық фон:

Елдің батысында негізгі температура түнде 5 аяз 5 жылу, күндіз 10 18 жылы болады.

Солтүстік-батыста температураның негізгі фоны түнде 0-10 аяз, күндіз 7 15 жылы болады.

Солтүстікте температура түнде 0-10 аяз, күндіз 5 13 жылы болады.

Елдің орталығында түнде температураның 2-14 аяздан -7 аязға дейін 1 жылу, күндіз 5 10 жылы болып, 10 15 градусқа дейін көтерілуі мүмкін.

Шығыста түнгі температура 5-25-тен 0-15-ке дейін, күндіз 0-10-дан 5 15-ке дейін көтеріледі.

Оңтүстік аймақтарда түнде температура 5 аяз-5 жылы болып, күндіз 5 13 жылы болады.