Алдағы күндері Қазақстан аумағында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
— 13 және 15 маусымда Қостанай облысында, 15 маусымда Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында қатты жаңбыр жауады деп болжанады, — делінген хабарламада.
Бүкіл кезең бойы еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында, ал 15 маусымда оңтүстік-батысында бұршақ жауып, дауылды жел соғуы мүмкін. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі.
Күндіз бүкіл кезең бойы Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында, 14-15 маусымда Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарында және Жетісу облысында, 15 маусымда Атырау облысында қатты ыстық сақталады.
Ауа температурасы 35… 38°С дейін көтеріледі.
Айта кетейік, бүгін еліміздің екі қаласында ауа сапасы төмендейді.