– Батыс циклоны Қазақстан аумағының басым бөлігіндегі ауа райына әлі де әсерін сақтап, тұрақсыз ауа райын қалыптастырады. Циклонның орталығы еліміздің солтүстік-батысында болады. Осыған байланысты мұнда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел күшейіп, дауылға айналуы және бұршақ жаууы мүмкін, - делінген хабарламада.
Мекеме мәліметінше, 11-13 маусым күндері Қостанай және Ақтөбе облыстарында, ал 11 маусымда Алматы облысы мен Жетісу облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында шелектеп жаңбыр жауады.
Күндіз еліміздің оңтүстігінде ауа температурасы 35°С-тан 40°С-қа дейін, оңтүстік-шығысында 30°С -тан 37°С-қа дейін көтеріліп, аптап ыстық болады.
Ал басқа аймақтарда ауа температурасы бір қалыпты сақталып, айтарлықтай өзгеріс болжанып отырған жоқ.
Айта кетейік, бұған дейін Өскемен мен Семей қалаларында ауа сапасы нашарлайтынын жазғанбыз.