Алдағы үш тәулікте 40 градусқа дейін ыстық сақталады

АСТАНА. KAZINFORM — Алдағы үш тәулікте Қазақстанда ауа райы тұрақсыз болады. Ел аумағының басым бөлігінде ыстық ауа райы сақталады.

Фото: Агибай Аяпбергенов / Kazinform

Елдің басым бөлігінде жауын-шашын негізінен жергілікті және өткінші сипатқа ие болады, тек солтүстік және орталық өңірлерде қатты жаңбыр, бұршақ пен қатты жел болжанады.

Ең жоғары температура оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, шығыста және орталық аймақтарда күтіледі, күндіз ауа температурасы 35... 40°C дейін жоғарылайды, ал еліміздің батысында 1 тамыздан бастап ауа райының өзгеруі басталады, ауа температурасы сәл төмендейді, бірақ климаттық нормадан жоғары қалады.