АСТАНА. KAZINFORM - «Қазгидромет» РМК Қазақстан бойынша 2024 жылдың 6-8 ақпанына жасалған ауа райы болжамын ұсынды.
Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның басым бөлігі әлі де қалың жауын-шашынға ықпал ететін терең солтүстік-батыс циклонының ықпалында болады: солтүстік аймақтарда негізінен қар жауып, ал оңтүстікте жаңбыр мен қар аралас жаңбыр жауады, сондай-ақ желд күшейіп, бұрқасын соғып, көктайғақ болады және тұман түседі.
Температуралық фонда күрт өзгерістер болжанған жоқ.
Зарина Туғанбаева
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Еңбек жолын Ақмола облысы Целиноград аудандық «Ұран», «Призыв» газеттерінде тілші болып бастаған. Kazinform ақпарат агенттігінде 2011 жылдан бері қызмет атқарып келеді.