- Кепілдендірілген трансферт бюджет қағидаларына сәйкес 2027–2028 жылдары 2 трлн 430 млрд теңге, ал 2029 жылы 2 трлн теңге мөлшерінде айқындалды. Мемлекет басшысы «үлкен құрылыс» бағытын айқындап, сондай-ақ Ұлттық қор қаражатын пайдалануға жол берілетінін атап өтті. Әлеуметтік және инфрақұрылымдық объектілерді салу жөніндегі ауқымды бағдарламаны іске асыру міндеті қойылды. Осыған байланысты аса маңызды объектілер мен жалпы ел үшін маңызы бар жобаларды қаржыландыру үшін Ұлттық қордан 2027 жылы 2 трлн теңге және 2028–2029 жылдары жыл сайын 1,5 трлн теңге көлемінде нысаналы трансферт көзделді, - деді А. Әмрин.
Оның айтуынша, Ұлттық қордың таза валюталық активтері 2027 жылы 65,2 млрд АҚШ доллары деңгейінде болжанып, 2029 жылы 70,6 млрд АҚШ долларына дейін ұлғаяды деп ескерілген.
Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Құрылтайда 2027-2029 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасы таныстырылды.