Алдағы 2 жылда әлемдегі жағдай ушықса, сайлау өткізу қиындайды – Данияр Әшімбаев

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Саясаттанушы Данияр Әшімбаев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биыл күзде мерізімінен бұрын сайлау өткізу туралы ұсынысына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның пайымынша, қазір билік бабында тұр. Рейтингі айтарлықтай жоғары. Мұны жаздағы референдум көрсеткен.

«Биліктің қолында бүкіл көзір тұрғанымен сыртқы және ішкі факторлар әлеуметтік-экономикалық жағдайды ушықтырып барады. Жолдаудың бірінші бөлігінде ұсынылған өзгерістердің ауқымды пакеті Үкіметтің қабілетіне қатысты сауал туындатады.

Экономикалық әлеуетті аша түсу, экономиканы либералдандыру, тарифпен бағаны реттеу саясатын қайта қарау мәселесі өзекті. Қазіргі реттеу шаралары мәжбүрліктен туындағаны түсінікті. Бір өңірде бағаны тежеп ұстау, соның кесірінен тауар тіпті сыртқы нарықты қойып, өзге өңірлерге көлеңкелі жолмен кетіп жатуы айтарлықтай түсініксіз ахуал туындатады. Нарықты бүкіл республика бойынша бағаны теңестіру арқылы ғана реттеуге болады. Бірақ оның экономикалық салдары болуы мүмкін. Бір жағынан балама жол жоқ та. Жолдаудаұсынылған шаралар ахуалды орта мерзімге тұрақтандыруға бағытталған», - дейді Данияр Әшімбаев.

Оның айтуынша, экономкаға әсер ететін сыртқы факторлар негізінен ұзақ мерзімді әрі жағымсыз болып шықты.

«Жаздың басында бұлай болады деп ешкім ойламаған. Украинадағы жағдай созылып барады., АҚШ пен Қытай арасында текетірес күшейіп тұр. Оныңбәрі әлем нарығына, Қазақстан экономикасына әсер етеді. Жағдайдың ушығуы 2023-2024 жылдарға дөп келетін шығар. Ол кезде сайлау өткізсек, ауры тиер еді. Оның үстіне дәл қазір саяси сахнада бір арнаға тоғысқан оппозиция да жоқ. Бүкіл ұлттың көшбасшысы ретінде Президентке бәсекелес болатын тұлға да жоқ. Бұл елдің ішкі саяси өміріне сырттан араласу мүмкіндігін азайтады. Жаһандық текетірестер ушығып тұрған жағдайда ірі ойыншылардың көбі бағыты айқындалмаған елдердің аз болғанына мүдделі», - дейді сарапшы.


Фото: РБК